Біздің балабақшамызда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында педагогтармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері талқыланды.
Әр педагогтың адал әрі жауапты қызметі – өскелең ұрпаққа берілетін маңызды үлгі.
Адалдық пен әділдік – қоғамның берік негізі!
Сыбайлас жемқорлыққа бірге жол бермейік! 🇰🇿







