Пайдалы кеңестер


“Беске дейін үлгер”

Құрметті ата-аналар, сіздерді «Thrive by Five KZ» мобильді қосымшасын жүктеп алуға шақырамыз.

Осы қосымшаның арқасында сіз мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту және өзара әрекеттесу мәселелері бойынша әдістемелік және психологиялық қолдау аласыз.

Қолданба тегін және Google Play немесе App Store дүкендерінде ұялы телефонға жүктеп алуға болады.

App Store: https://apps.apple.com/kz/app/thrive-by-five-kazakhstan/id6473465958

Google Play: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.minderoo.thrivebyfivekz

 


Атауы Жүктеу
1 Консультативтік пункт бұйрығы 2025 - 2026
2 Консультативтік пункт жоспары 2025 - 2026
3 Консультативтік пункт мамандарының жұмыс

Құрметті ата-аналар!

Біздің балабақшада балалардың жан-жақты дамуын қолдау мақсатында консультативтік пункт жұмыс істейді.

Пункттің негізгі мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесі мен дамуы бойынша кәсіби көмек көрсету, сондай-ақ үйде тәрбиеленетін балаларға әдістемелік қолдау ұйымдастыру.

Көрсетілетін қызмет түрлері:

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес даму деңгейін анықтау педагог, психологтан кеңес беру
Тәрбиелеу мен оқытуға қатысты сұрақтар бойынша ұсыныстар беру
Баланың сөйлеу, танымдық, әлеуметтік дағдыларын дамыту бойынша жеке бағдарлама ұсыну
Ата-аналарға әдістемелік материалдар мен ұсыныстар беру

Кімдер келуге болады?

Балабақшаға бармайтын (үйде тәрбиеленетін) 3–6 жас аралығындағы балалар
Кеңес алуға мұқтаж ата-аналар
Баласының дамуына қатысты сұрақтары бар кез келген ата-ана

Жұмыс уақыты:

Күндері: Дүйсенбі-жұма


Балабақшамызда консультациялық пункт өз жұмысын жалғастыруда. Ата аналарадың басты мәселелері балаларын балабақшаға орналастыруға және де балабақшаға бейімделу жолдарына кеңес алды. Кеңес беруші педагогтар: Психолог: Құрмашева Ғ.С. Тәрбиеші: Иманбаева Г.С.