Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматы пилоттық жоба ретінде ресми түрде іске қосылды.
Осыған орай, балабақша педагогтеріне аттестаттаудың жаңа жүйесінің негізгі ерекшеліктері, өткізу кезеңдері, қойылатын талаптары мен ережелері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, әдістемелік қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және кәсіби дамуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Біздің ортақ мақсатымыз – әр педагогтің кәсіби өсуіне қолдау көрсету, еңбегін әділ бағалау және білім беру сапасын арттыру!
Барлық әріптестерімізге кәсіби жетістік, шығармашылық шабыт және сәттілік тілейміз!







